ОҚО-да той кортежіне тікұшақ қосқандар жазаға тартылды

Видеодан алынған кадр

О?О полицейлері той кортежіне тік?ша?ты ?ос?андарды жаза?а тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

ОҚО полицейлері той кортежіне тікұшақты қосқандарды жазаға тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Еске салайық, мұның алдында әлеуметтік желілерде Шымкент - Ташкент тасжолында тікұшағы бар той кортежінің видеосы тараған болатын. 

Полицейлер бұл материалды тексеруге алып, тексеріс қорытындысы бойынша, кортеждің жол жүру ережелерін бұзғандығы анықталды. 

Реклама
Реклама

"Полицейлер "Бентли" және екі "Тойота Лэнд-крузер" маркалы көліктердің жүргізушілерін ҚР Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексі бойынша көлік қозғалысына бөгет тудырғаны үшін жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар, той кортежінің өзге қатысушылары да әкімшілік жазаға тартылады. Ал республикалық маңызы бар тасжолдың үстінен тікұшақтың ұшуы қаншалықты заңды екенін анықтау мақсатында құзырлы органдарға сұраныс жіберілді", - дейді ІІД өкілдері. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама