ОҚО-да велосипед теуіп жүрген балаларды көлік қағып өлтірді

Жол-к?лік о?и?асыны? салдарынан 13 ж?не 6 жаста?ы балалар ?айтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі О?О ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. Ведомствоны? м?ліметінше, жол апаты Сарыа?аш ауданыны? Алпамыс батыр ауылында бол?ан. 

Жол-көлік оқиғасының салдарынан 13 және 6 жастағы балалар қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, жол апаты Сарыағаш ауданының Алпамыс батыр ауылында болған. 

Жол апаты 21 қыркүйекте кешкі уақытта болған. Полицияның мәліметінше, 1976 жылғы жергілікті тұрғын Mercedes-Benz автомобилін басқара отырып, 2003 жылғы қызды және 2016 жылғы баланы қағып кеткен. "Олар велосипед теуіп жүрген. Жол-көлік оқиғасынан олар қаза тапқан. Сондай-ақ, Mercedes-Benz көлігінде отырған 2007 жылғы жолаушы зардап шеккен. Ол ауруханаға жеткізілген", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Полициядағылар қылмыстық істің ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бабы бойынша қозғалғанын және күдіктінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама