ОҚО-да жол апатынан үш адам қаза тапты

© Тұрар Қазанғапов

ОҚО-да жеңіл көлік пен жүк көлігінің соғысуынан үш жергілікті тұрғын қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 24 шілдеде сағат 22.35-те Шымкент-Самара тас жолында болған. Opel Vectra көлігінің 1994 жылы туған жүргізушісі Ордабасы ауданына қарай бет алған. Ол сол бағытта кетіп бара жатқан Газ-53 автокөлігінің артынан соққан. 

"Жол апатынан 22 жастағы Opel Vectra жүргізушісі мен екі жолаушысы (22 жастағы жігіт пен 21 жастағы қыз бала) алған ауыр жарақаттарынан сол жерде қаза болған. Олар - Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы және Сайрам аудандарының тумасы. Осы көлікте отырған тағы бір 1994 жылғы қыз бала жарақат алып, аудандық ауруханаға жеткізілген", - деді ОҚО ішкі істер департаментіндегілер.

Реклама
Реклама

Оқиғаның дәйектері бойынша қылмыстық іс "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бабы бойынша қозғалған. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама