ОҚО өрт кезінде бір әйел қаза тапты

ОҚО өрт кезінде бір әйел қаза тапты Фото Tengrinews.kz мұрағатынан алынды

ОҚО Түркістан қаласында жеке тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, 1963 жылы туылған әйел қаза тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тілсіз жау 18 мамыр күні түнгі сағат 1 де басталған. Өртті ауыздықтауға ТЖД өрт сөндіру қызметінің 2 техникасы мен жеке құрамның 11 адамы жұмылдырылған. Олар өртті бір сағатта сөндірген.

Өрт барлығы 50 шаршы метр аумақты шарпыған.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, 11 мамыр күні Қызылжарда өрттен бес адам қаза болған болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама