ПОДЕЛИТЬСЯ
10 маусым 2021 | 10:59
Орал-Ақсай тасжолында полицей жол апатынан қаза болды
Орал-Ақсай тасжолында болған жол апатынан полицей қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Орал-Ақсай тасжолында болған жол апатынан полицей қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы 9 маусымда сағат шамамен 19:45-те Орал-Ақсай тасжолының 25-шақырымында болған.
"Ваз-2110 автокөлігін тізгіндеген 1993 жылғы "Б" есімді жүргізуші көлігін басқара алмай, аударылған. Алған жарақатынан ауруханада 28 жастағы БҚО ПД патрульдік полиция батальоны қызметкері қаза болды", - деді БҚО ПД өкілдері.
Көлікте тағы екі адам болған. Олар зардап шекпегені хабарланды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігіне сәйкес соталды тергеу басталды, оның аясында тиісті сараптамалар тағайындалды.
"БҚО ПД басшылығы мен жеке құрамы қайтыс болған қызметкердің отбасы мен туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также