31 тамыз 2019 | 10:58

Орал тұрғынын қыздың кесірінен қағып өлтірген

Оралда полиция көлік соқтығысының құрбаны болған 21 жастағы Игорь Серебряковтың өлімін тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оралда полиция көлік соқтығысының құрбаны болған 21 жастағы Игорь Серебряковтың өлімін тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Марқұмның туыстарының айтуынша, қайғылы оқиға таңертеңгі сағат үштер шамасында төртінші шағын ауданда орналасқан "Виктория" қонақүйінің жанында болған. Екі топ арасында жанжал туындаған.

Реклама
Реклама

"Менің жиенім Игорь сол түні достарымен бірге демалып отырған еді. Олар көрші компаниямен жанжалдасып қалды. Төбелес басталды. Ер адамдардың бірі Игорьді KIA Rio көлігімен қағып, оны он шақты метр жерге дейін сүйреп апарды. Менің жиенім алған ауыр жарақаттарынан қайтыс болды", - дейді Андрей Серебряков.

Қазір марқұмның туыстары апат туралы білетін және қайғылы оқиғаны ұялы телефонға немесе видеокамераға түсірген жазбалары бар куәгерлерді іздестіруде. Кез-келген ақпараты бар адамдардан 8 (707) 637 16 42 немесе 8 (747) 280 57 52 телефондарына қоңырау шалуларыңызды сұраймыз.

Полиция департаменті осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растады.

"Онда екі компания демалды. Біреуінде Игорьмен қоса жас жігіттер болды. Ал екіншісінде жасы үлкен ер адамдар. Жанжал өтіп бара жатқан қызға қатысты шыққан. Жас жігіттер оған тап бергендіктен, ер адамдар арашаламақ ниетте араласып кеткен. Ер адамдар көлікке отырып кетуге тырысқан, бірақ марқұм көліктің алдыңғы жағына секіріп жатып алған", - делінген полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Қазіргі уақытта жанжалға қатысы бар барлық адамдар анықталды. Көлік айып тұрағына қойылған. ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы ("Абайсызда адам өліміне әкелетін жол ережелерін бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная