07 тамыз 2024 12:40

Орал тұрғынына 53 рет жол ережесін бұзғаны үшін 1,3 миллион теңге айыппұл салынған

Фото: Polisia.kz

БҚО-да полиция 1,3 миллион теңге қарызы бар борышкерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да полиция 1,3 миллион теңге қарызы бар борышкерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін Suncar Smart Qorgau автоматты жүйесі арқылы Hyundai автокөлігі тоқтатылды. Оның жүргізушісі облыс орталығының көшелерінде бірнеше рет жылдамдықты арттырған.

"Орал ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушіні ұстады. Тексеру кезінде оның 53 рет жол ережесін бұзғаны анықталды. Құқық бұзушы 2003 жылы туған Орал тұрғыны екені белгілі болды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Негізінен заңбұзушылықтар жылдамдық режимінен асып кетумен байланысты болған. Айыппұлдың жалпы сомасы - 1 миллион 300 мың теңге.

Айта кету керек, жүргізуші айыппұл сомасының 50 пайызын төлеп, қарызды жеңілдетілген тәртіппен өтеуге құқылы. Қазіргі уақытта автокөлік арнайы автотұраққа қойылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram