Оралда 10 жастағы қызға жасалған шабуыл: күдікті ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Midjourney

Оралда полиция 10 жастағы қызға шабуыл жасады деген күдіктіні ұстады. Бұл туралы БҚО ПД бастығы Арман Оразалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оралда полиция 10 жастағы қызға шабуыл жасады деген күдіктіні ұстады. Бұл туралы БҚО ПД бастығы Арман Оразалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған балаға қатысты құқыққа қайшы әрекет жасады деген күдіктіні ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген хабарламада.

Тергеу жалғасып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Реклама
Реклама

Оқиға қалай болған?

Оралда белгісіз ер адам Зачаганск ауданында 10 жастағы қызға шабуыл жасап, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны туралы ақпарат тарады.

Белгісіз дереккөзден келген дауыстық хабарламаларда 29 қыркүйекте кешке мектептен қайтып келе жатқан қызға бірнеше адамның шабуыл жасағаны сипатталған. Содан кейін олар қызды тұншықтырып өлтіріп, оны өлді деп ойлап, орманға тастап кеткен. Алайда қыз аман қалып, отбасымен байланысқа шыққаны айтылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама