04 наурыз 2021 14:54

Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секіріп кетті

Фото: mgorod.kz

Оралда белгісіз жасөспірім Деркөл ауылы маңындағы жол өткелінен секіріп, өз-өзіне қол жұмсады. Полицейлер марқұмның жеке басын анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда белгісіз жасөспірім Деркөл ауылы маңындағы жол өткелінен секіріп, өз-өзіне қол жұмсады. Полицейлер марқұмның жеке басын анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпаратты өңірдегі денсаулық сақтау басқармасы растады.

"4 наурызда таңғы сағат жетіде Деркөл ауылы маңындағы көпір астынан жас баланың денесі табылды. Шамамен 17 жаста", - деді БҚО денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Реклама
Реклама

Полиция өкілдері сотқа дейінгі тергеу амалы басталғанын хабарлады.

"ҚР ҚК-ның 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Қазір құқық қорғау органы қызметкерлері жасөспірімнің жеке басын анықтап жатыр", - деп хабарлады полиция департаменті өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram