07 қыркүйек 2021 | 16:58

Оралда 30 мың тұрғын сусыз қалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Оралда 30 мыңға жуық тұрғын ауыз сусыз қалды. Сумен жабдықтау ұйымы мәліметінше, кәріз станциясындағы қымбат сорғылар су бұру желісіне қоқыс түскеннен істен шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оралда 30 мыңға жуық тұрғын ауыз сусыз қалды. Сумен жабдықтау ұйымы мәліметінше, кәріз станциясындағы қымбат сорғылар су бұру желісіне қоқыс түскеннен істен шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зачаганск кентінде кәріз станциясында апат болғаны 6 қыркүйекте түстен кейін белгілі болған. Орал әкімдігі мәліметі бойынша, бірнеше ықшамаудандарды сумен қамтамасыз ету тоқтатылған.

Реклама
Реклама

"Мөңкеұлы көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйлерге, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ауданындағы жеке секторға, медицина колледжіне, Жақсы ауылына, Көктем, Кең Дала, Сарытау ықшамаудандарына, құс фабрикасы, ХҚО-ға су беру тоқтатылды. 30 мыңға жуық тұрғын сусыз қалды", - дейді Орал әкімдігі өкілі.

"Батыс Су Арнасы" ЖШС мәліметінше, №29 кәріз станциясындағы сорғы қондырғыларының істен шығуына байланысты су беру шектелген. 

"Құрылыс немесе тұрмыстық қалдықтар кәрізге түсуіне байланысты екі сорғы жұмыс істемейді. Бұл импорттық қондырғы және өте қымбат. Әр сорғының бағасы шамамен 40 миллион теңге. Сорғыларды шетелден жеткізу 2-3 айға созылуы мүмкін. Қазір жеткізушілермен келіссөз жүріп жатыр. Біз коллекторлық айналма жолды орнатып жатырмыз", - деді "Батыс Су арнасы" ЖШС бас директоры.

Қазір "Батыс су арнасы" ЖШС қала және облыс әкімдіктері балансында. Апатты жою бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная