27 желтоқсан 2018 | 09:46

Оралда 5-сынып оқушысы дене шынықтыру сабағынан кейін қайтыс болған

© mgorod.kz

25 желтоқсанда Оралдан екі шақырым жерде орналасқан Асан ауылындағы орта мектепте 10 жастағы оқушы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

25 желтоқсанда Оралдан екі шақырым жерде орналасқан Асан ауылындағы орта мектепте 10 жастағы оқушы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.

Оқушы дене шынықтыру сабағында өзін жайсыз сезінген. Дәрігерлер баланың өмірін сақтап қала алмаған. Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері бұл мәліметті растады.

Реклама
Реклама

"Сағат 17.52-де қоңырау түсті, жедел жәрдем қызметіндегілер бес минуттан соң барды. Бала ауыр жағдайда болды, оны жақын маңдағы ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер барлық қажетті көмекті көрсетті, бірақ оқушының өмірін сақтап қала алмады", - деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Мектеп директоры Нұржан Сәбитов "Мой ГОРОД" басылымына дене шынықтыру сабағында 5-сынып оқушысының кенеттен өзін жайсыз сезінгенін айтқан.

"Бала үздік оқитын. Мичурино ауылында тұратын. Мұнда 1-сыныптан бері оқыды. Ол дене шынықтыру сабағынан босатылмаған болатын. Ешқандай да қауіпті диагнозы болмаған. Сабақ кезінде өзін нашар сезінді. Жедел жәрдем келіп, оны алып кетті. Бірақ ауруханаға жеткенде баланың қайтыс болғанын айтты", - дейді баспасөз хатшысы.

Оқушының өлімінің себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная