ПОДЕЛИТЬСЯ
30 желтоқсан 2021 | 08:57
Оралда адам қаза болған жол апатына кінәліге рақымшылық жасалды
Орал полицейлері түнгі клуб маңында ер адамды қағып кеткен әйелге қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатты. Жәбірленуші апаттан бес күннен кейін қайтыс болған еді. Құқық қорғау органдары іс Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылыққа байланысты тоқтатылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Орал полицейлері түнгі клуб маңында ер адамды қағып кеткен әйелге қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатты. Жәбірленуші апаттан бес күннен кейін қайтыс болған еді. Құқық қорғау органдары іс Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылыққа байланысты тоқтатылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Марқұм 29 жастағы Қайрат Айсариевтің туыстары бұл шешім әділетсіз деп санайды. Малика материалдық және моральдық шығын үшін өтемақы талап ететінін айтты.
"Полиция рақымшылыққа байланысты іс тоқтатылды деп хабарлады. Біз бұған келіспейміз. Рақымшылық қылмысы үшін сотталған адамдарға қолданылуы керек деп есептеймін. Ал біздің істе тіпті сот та өтпеген", - деді марқұмның әпкесі Малика.
Полиция департаменті соталды тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша жүргізілгенін айтты.
"Оқиға Mercedes жүргізушісі солға бұрылып артқа маневр жасап жатқан кезде болған. Сол кезде жәбірленуші көліктің жанында сол жағында тұрған. Нәтижесінде, көлік ер адамды қағып кеткен. Ол құлап, басын соққан. Зардап шегуші бассүйек-ми жарақатын алған және оң аяғы сынған. Жүргізушіде мастық белгілері жоқ. Соталды тергеп-тексеру органы рақымшылық жасау актісіне байланысты Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес қылмыстық іс тоқтатылды, себебі бұл дерек санаты "ауыр емес" қылмысқа жатқызылды", - деді БҚО ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Айта кетейік, 2021 жылдың 23 қазанында 29 жастағы Қайрат Айсариевті 29 жастағы әйел көлік тұрағынан шығып бара жатқана қағып кеткен. Көлік ер адамның аяғын басып өтіп, ол құлағанда асфальтқа басын соққан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также