Оралда анасы эскалатордан құлатып алған тоғыз айлық қыз қайтыс болды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Оралда Asia Mall жергілікті сауда орталығында анасы эскалатордан құлатып алған тоғыз айлық қыз қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оралда Asia Mall жергілікті сауда орталығында анасы эскалатордан құлатып алған тоғыз айлық қыз қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биіктен құлағаннан кейін нәресте қалалық көпсалалы ауруханаға жатқызылған. Бала өте ауыр жағдайда жатқаны айтылды. Ол жабық ми жарақатын алған. Медициналық мекемеде қызға қан құйылды.

"19 наурызда бала есін жимастан қайтыс болды", - деді Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері.

Реклама
Реклама

Жазатайым оқиға 13 наурызда түстен кейін болған еді. Эскалатормен жоғарыға көтеріп келе жатқан 35 жастағы әйел баласын ұстай алмай, 4-5 метр биіктен құлатып алған болатын. Оқиға видеосы Желіде жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама