Оралда ауыл әкімі карантин кезінде баласына той жасап берген

Видеодан алынған кадр

Батыс Қазақстан облысында ауыл әкімі мейрамханада баласына той жасап берген, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Батыс Қазақстан облысында ауыл әкімі мейрамханада баласына той жасап берген, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Басылымның мәліметінше, үйлену тойы өткен демалыс күндері Оралдағы мейрамханалардың бірінде өткен. Куәгерлер редакцияға үйлену тойының видеосын жіберген.

Куәгерлердің айтуынша, Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі әкімінің ұлы үйленген.

Реклама
Реклама

Ақжайық ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ердос Үмітов Ақжол ауылдық округі әкімінің ұлы Татжан Өтемісовтің үйлену тойы туралы бүгін, 26 қазанда ғана білгенін айтады.

"Ыңғайсыз жағдай болды, қазіргі уақытта Татжан Өтемісов еңбек демалысында. Жалпы аудан әкімдеріне карантин шараларының сақталуы туралы хабарланды. Арнайы бақылау топтары бар, олар барлық шараны бақылау үшін жұмыс істейді. Демалыстан шыққаннан кейін біз бұл жағдайды заңды түрде қарастырамыз", - деді Ердос Үмітов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама