ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 15 қараша 2024 12:07
Оралда ауыр жүк көлігі мектеп ғимаратына соғылды
Орал орталығында жүк көлігі мектеп ғимаратына соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" мәліметіне сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, ауыр жүк көлігі Менделеев көшесімен келе жатып, Hyundai жеңіл көлігіне соқтығысқан.
Қақтығыс салдарынан екі көлік те қоршауды сыпырып өтіп, №36 мектеп ғимаратына соғылған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жол апаты 14 қарашада таңғы 10 шамасында болған.
Ақпаратты жариялаған уақытында Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен пікір келіп үлгермеген. Оқиғаның егжей-тегжейі анықталып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу