ПОДЕЛИТЬСЯ
14 наурыз 2022 | 09:24
Оралда әйел тоғыз айлық қызын эскалатордан құлатып алған
Оралда дәрігерлер сауда орталығындағы эскалатордан құлаған тоғыз айлық қыздың өмірі үшін күресіп жатыр. Әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Оралда дәрігерлер сауда орталығындағы эскалатордан құлаған тоғыз айлық қыздың өмірі үшін күресіп жатыр. Әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода қолында баласы бар әйел сауда орталығының эскалаторына көтерілгені көрінеді. Кенет әйелдің қолынан бала құлап кеткен.
Әлеуметтік желілерде қолданушылардың бірі қайғылы жағдай оның көз алдында, адамдар көп жиналған жерде болғанын айтты.
"Әлі күнге дейін жүрегім ауырады. Ересек адамдардың өзіне бұл көрініс ауыр тиді. Бала қозғалмай жатты. Ол төменгі қабатқа дейін құлаған. Оның аман қалуын тілеп, дұға етемін. Біреудің кішкентай ғана ханшайымы", - деп жазды желі қолданушысы.
Денсаулық сақтау басқармасы 13 наурызда түстен кейін жедел медициналық жәрдем станциясына Asia Mall сауда орталығынан қоңырау түскенін мәлімдеді.
"Эскалатордан тоғыз айлық бала құлап кетті. Зардап шеккен қыз қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Оған жабық бассүйек-ми жарақаты, ми шайқалу, қан кету диагноздары қойылды. Жағдайы өте ауыр. Ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылған", - деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілі.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, баланы 35 жастағы әйел сауда орталығының бірінші және екінші қабаттарының арасына құлатып алған. Бұл оқиға СДТБТ-де тіркеліп, тексеріс жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также