Оралда ер адам көлікте әйелінің көз алдында қайтыс болды

Фото: elements.envato.com

Оралда 43 жастағы ер адам көлік жүргізіп келе жатып, әйелінің көз алдында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оралда 43 жастағы ер адам көлік жүргізіп келе жатып, әйелінің көз алдында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, қайғылы жағдай 21 қаңтарда таңғы сағат жетіге қарай БҚО Теректі ауданы Пойма ауылының маңында болған.

"Жүргізуші УАЗ Патриот маркалы көлігінде қайтыс болды. Әйелінің айтуынша, олар Бұрлы ауданы Ақсай қаласына бара жатқан. Аяқ астынан күйеуінің жағдайы нашарлап, ол жол шетіне тоқтаған. Соңғы уақытта күйеуі өзін жайсыз сезініп жүргеніне шағымданған екен", - деді полиция департаментінің өкілдері.

Реклама
Реклама

Жедел жәрдем қызметкерлері келгенде ер адамның қайтыс болғанын анықтаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама