04 қаңтар 2024 09:57

Оралда газ жарылып, дәмхана қирады

видео кадры

Оралда дәмханадағы газ жарылып, жантүршігерлік өрт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда дәмханадағы газ жарылып, жантүршігерлік өрт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

4 қаңтарында сағат 02:07-де 101 пультіне Орал қаласындағы Сырым Датов көшесі 52 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына 02:17 жеткен бірінші бөлімше екі қабатты "RIZYQ" дәмханасының ғимаратында алдын ала болжам бойынша, газ-ауа қоспасының жарылысы нәтижесінде ғимараттың 110 шаршы метр аумағы қирап, 25 шаршы метр аумақта өрт шыққаны туралы хабарлады.

Реклама
Реклама

Өртсөндірушілердің күшімен өрт сағат 02:40-та жойылған.

Оқиға орнында №1 МӨСБ, № 2 МӨСБ, № 8 ӨСБ, № 5 ӨСБ, өрт сөндірудің кезекші қызметі, жеке құрамнан 39 адам және 13 техника, жедел құтқару жасағынан құтқарушыларынан 8 адам және 2 техника барған. Жедел медициналық жәрдем бригадасы 18 адам, 6 техника, полиция департаментінен 28 адам, 7 техника.

Қазіргі уақытта БҚО ТЖД және облыс әкімдігінің күштерімен қираған үйінділерді тазарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Зардап шеккендерге шұғыл психологиялық көмек көрсету үшін БҚО ТЖД штабында 8 (7112) 55-40-88 нөмірі бойынша жедел желі жұмысы ұйымдастырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram