Оралда жер үй өртеніп бір адам қаза тапты

Оралда өрт сөндіру кезінде ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оралда өрт сөндіру кезінде ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Парус" бау-бақша серіктестігіндегі үй толығымен жанып кеткен. Өртсөндірушілер оқиға болған жерден ер адамның денесін тапты. Қазіргі таңда мамандар өрттің неден шыққанын анықтап жатыр.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 20 желтоқсанда түнгі сағат 1:30 шамасында басталған. Красивая, 34 көшесіндегі үй өртенген.

Реклама
Реклама

"Өрттің аумағы - 20 шаршы метр. Үйдің қабырғасы мен төбесі құлаған, барлығы жанып кеткен. Өрт түнгі сағат 2:48-де сөндірілді. Құтқарушылар үйден 27 литрлік газ баллонын алып шықты. Оқиға орнында шамамен 40 жастағы үй иесінің денесі табылды", - делінген хабарламада.

Көршілер қаза тапқан ер адамның мас болуы мүмкін екенін жоққа шығарған жоқ. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама