ПОДЕЛИТЬСЯ
09 тамыз 2021 | 11:20
Оралда карантинге қарамастан 300 адам тойға жиналған
Оралда 300 адам жиналған той өтті. Қазір факт бойынша материалдар Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Оралда 300 адам жиналған той өтті. Қазір факт бойынша материалдар Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
7 тамызда өткізілген рейд кезінде Siberia кешенінде заңбұзушылықтар анықталған.
"Кешеннің ішкі залдарында және осы нысанның жазғы алаңында бір уақытта 300-ге жуық адам болды. Зал іші адамға толы болды, - деді Орал әкімдігіндегілер.
Сонымен қатар, демалыс күндері "Ақтілек", "Арбат" және "Голд" мейрамханаларында салтанаты іс-шара өткені анықталды.
"Рейдке жергілікті полиция қызметкерлері қатысты. Олар хаттамаларды рәсімдеді. Тәртіп бұзушылар бойынша материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды", - деді Орал әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев.
Айта кетейік, БҚО коронавирус инфекциясының таралуы бойынша "қызыл" аймақта орналасқан. Өңірде қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс уақыты шектеулі, демалыс күндері қоғамдық көлік жұмыс істемейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также