31 мамыр 2019 | 09:10

Оралда кәріз құбыры жарылып, 60 мың отбасы сусыз отыр

© Видеодан алынған кадр

Оралда кәріз құбыры жарылып, тұрғындар сусыз отыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оралда кәріз құбыры жарылып, тұрғындар сусыз отыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, бұл жағдайға магистраль кәріз құбырының жарылуы себеп. Апат салдарынан 60 мың отбасы сусыз қалып отыр.

Реклама
Реклама

Тұрғындар ауыз судың ажыратылатыны туралы алдын ала ескертілмегенін айтады. Соның салдарынан ешқайсы да қамданып үлгермепті. Сондықтан кешелі бері тұрғындар дұрыстап ас-суын іше алмай, тіпті жуына да алмай жүр. Қырсыққанда дүкендерде сатылатын су да таусылып, тұрғындар түс ауғанша су таситын көлікті күтіп отырған.

"Кеше саяжайдан келдім. Содан бері жуынған да жоқпын. Таңертеңнен бері су іздеп жүрмін! Мынау деген масқара! Соғыс уақытында мұндай болмаған шығар", - дейді тұрғындардың бірі Ақжеміс Жәділова.

Жергілікті төтенше жағдайлар қызметі апатқа жекеменшік компаниялардың бірін кінәлап отыр.

"Шамамен 60 мыңға жуық отбасы сусыз отыр. Оларға қолдан келгенше су жеткізіп беріп жатырмыз. Қазір жарылған құбырды жөндеуіміз керек. Апатқа не себеп болғанын әзірге білмей отырмыз", - дейді Орал қаласы әкімінің орынбасары Сергей Доля.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная