Оралда қолдан жасалған ұшу аппараты құлады: ұшқыш қаза тапты

Оралда қолдан жасалған ұшу аппараты құлады: ұшқыш қаза тапты

Оралда қолдан жасалған ұшақ апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оралда қолдан жасалған ұшақ апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Апат 28 тамызда 8:30-да болды. Оқиға болған жерге БҚО төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері барған.

"Қолдан жасалған ұшу аппараты "Казинское" бау-бақша серіктестігінің маңына құлады. Оқиға болған жерде 69 жастағы ұшқыш көз жұмды", - деп хабарлады БҚО ТЖД өкілдері.

Реклама
Реклама

Құтқару жұмыстарына 4 бірлік техника мен 18 құтқарушы жұмылды.

"Бір орындық ұшақтың құлауынан ұшқыш жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Басқа зардап шеккендер жоқ", - деп атап өтті БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама