Оралда кондуктор мен жолаушының төбелесі видеоға түсірілді

видеодан үзінді

Оралда кондуктор автобус жолаушысымен төбелесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оралда кондуктор автобус жолаушысымен төбелесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әлеуметтік желіде 19 қаңтарда № 22 бағытында жүретін қоғамдық көліктің салонында түсірілген видео тарап жатыр. Онда кондуктор жолаушыны бірнеше рет соққының астына алып, жұлқылайды.  

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдері оқиғаның 19 қаңтарда кешкі сағат беске таман болғанын айтады. 

Реклама
Реклама

"Біз кондуктор мен жүргізушіден түсініктеме алдық. Олар жолаушының автобусты белгіленбеген жерде тоқтатуды талап еткенін атап өтті. Тексеру шаралары жүріп жатыр", - деді бөлімнің сектор меңгерушісі Алмаз Ахошев.

Бұл бағытта "Батыс Қазақстан автобус паркі" ЖШС қызмет көрсетеді. Компания өкілдері жүргізуші мен кондукторға сөгіс жариялағанын айтты. Осы оқиғаға байланысты полицияға арыз түспеген. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама