Оралда көппәтерлі үйде өрт шықты

Оралда көппәтерлі үйде өрт шықты © mgorod.kz

Оралда көппәтерлі үйде өрт шықты, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД" басылымы.

Оралда көппәтерлі үйде өрт шықты, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД" басылымы.

Басылымның мәліметінше, өрт кеше, 14 наурызда шамамен сағат 07.00-де "Айгүл" базарының маңында болған.

БҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі және өрттің алдын алу басқармасының басшысы Ерлан Төрегелдиев өрттің аумағы 20 шаршы метрді қамтығанын хабарлады.

Жарнама
Жарнама

"Төрт пәтерлі үйдің шатыры өртенді. Өрт сағат 8.10-да толықтай сөндірілді. Өрттің себебі, пәтерлердің иелері және төтенше жағдайға кінәлі адамдар анықталып жатыр", - деді Ерлан Төрегелдиев.

Оқиға орнына 11 өртсөндіруші мен үш дана техника жұмылған.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама