Оралда көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кеткен ер адамның видеосы пайда болды

Оралда ер адам к?п?абатты ?йді? терезесінен секіріп кеткен, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Оралда ер адам көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кеткен, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Төтенше жағдай 27 желтоқсанда шамамен сағат 20.00-де City Centre аумағында болған. Ер адамның жатақхананың бесінші қабатында орналасқан пәтердің терезесін сындырып, "Строй Дом" дүкенінің үстіне түскені белгілі болды.

Дүкен сатушыларының айтуынша, олар ер адамның терезеден қалай құлағанын көрмеген.

Реклама
Реклама

"Шатырдың үстіне бірдеңенің түскенін естідік, шығып қарасақ онда жедел жәрдем көлігі зардап шеккен ер адамды алып бара жатыр. Сол маңда жүрген адамдар полиция қызметкерлерінің одан секірмеуін сұрағанын айтты", - деді дүкен сатушысы.

Жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары Гүлнар Жұмағалиева Облыстық ауруханаға жеткізілген ер адамның шамамен 30 жаста екенін айтады.

"Денсаулығы орта деңгейде. Жарақаттар алған. Бұл туралы жедел жәрдем пультіне сағат 20.00-де хабарланды", - деді Гүлнар Жұмағалиева.

Видеода +18 шектеуі бар!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама