Оралда мәнтіден уланғандар: Дәрігерлер үш баланың жағдайын айтып берді

© kremen.today

Оралда м?нтіден улан?ан ?ш бала ауруханадан шы?у?а дайындалып жатыр. Б?л туралы Tengrinews.kz тілшісіне Б?О Денсаулы? са?тау бас?армасыны? ?кілдері хабарлады.

Оралда мәнтіден уланған үш бала ауруханадан шығуға дайындалып жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне БҚО Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері хабарлады.

Бұл оқиға 2017 жылдың 25 тамызында болған. БАҚ мәліметінше, 46 жастағы әйел мәнтіден уланып қайтыс болған. Ал оның үш баласы ауруханаға жеткізілген.

Ведомстводағылар 2017 жылдың 25 тамызында үш баланың облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөліміне гастроэнтероколит, 2-3 деңгейлі эксикоз, 2-3 деңгейлі инфекциялық-токсикологиялық шокпен түскенін хабарлады.

Реклама
Реклама

"Осы жағдай сол күні-ақ жедел түрде қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне хабарланды. Ауруханада дезинтоксикациялау және регидратациялау процедуралары жүргізіліп, антибиотиктер қабылданды. Бүгінде балалардың жағдайды қанағаттанарлық. Ауруханадан шығуға дайындалып жатыр. Бактериялық зерттеу кезінде екі балада salmonella enteritidis анықталды. Ал әйелдің өлімінің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Нәтижесі 20 қыркүйекте дайын болады. Әйел жедел жәрдем келгенше қайтыс болды", - деді ведомстводағылар.

Еске сала кетейік, осыған дейін Оралда үш баланың анасының мәнтіден уланып қайтыс болғаны хабарланған болатын. Қайтыс болған әйелдің балаларының улануына байланысты ювеналдық полиция осы іспен айналысып жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама