Оралда мектеп күзетшісі көмірқышқыл газынан уланып қалған

Дина Шарипханова Корреспондент

Оралдағы мектептердің бірінің күзетшісі көмірқышқыл газынан уланып, жансақтау бөліміне түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Оралдағы мектептердің бірінің күзетшісі көмірқышқыл газынан уланып, жансақтау бөліміне түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

31 қаңтарда түн ортасынан кейін өртсөндірушілерге Қонаев ықшамауданындағы №28 орта мектептің екінші қабатында түтін шыққаны туралы хабар түскен. Оған сыныптағы электр қалқанының қысқа тұйықталуы себеп болған.

"Мектеп күзетшісі оны өзі жоймақ болған, бірақ ол көмірқышқыл газынан уланып қалған. Осыдан кейін ол қалалық ауруханаға медициналық көмекке жеткізілді. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр", - деді БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама