ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 04 мамыр 2025 14:30
Оралда өртсөндірушілер 15 баланы эвакуациялады
Оралда ТЖМ өртсөндірушілері 15 баланы эвакуациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ТЖМ мәліметінше, С.Тюленина көшесі бойында орналасқан бес қабатты тұрғын үйлердің бірінің жертөлесінде өрт шыққан.
Алғашқы бөлімшелер жеткен кезде өрт 40 шаршы метр алаңды қамтығаны анықталған.
"Өртсөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде баспалдақ арқылы 40 адам, соның ішінде 15 бала эвакуацияланды. Өрт толықтай сөндірілді", - деп жазылған хабарламада.
Өрт салдарынан ешкім зардап шекпеген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу