30 қыркүйек 2021 | 16:49

Оралда полицейлер төрт адамды өрттен құтқарып қалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: polisia.kz

БҚО полицейлері 4 адамды өрттен құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО полицейлері 4 адамды өрттен құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Орал полициясына Оразабаев көшесіндегі өрт туралы 27 қыркүйекте сағат 18:40-та хабарлама түскен. Оқиға орнына Орал қаласының ПБ учаскелік полиция инспекторы Қазбек Қабесов пен көмекшісі Ислам Молдабеков келген. Көшеде өрт болған үйдің тұрғындары полиция қызметкерлеріне үйде бала бар екенін айтқан. Бірақ ол пәтердегі темір есік ішінен жабылып, ашылмаған.

"Полицейлер ТЖД қызметкерлері есікті бұзғанын күтпей, үшінші қабаттағы балконға түсіп, баланы балконнан алып, өлімнен құтқарып қалды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Кейінірек қалған отбасы мүшелері құтқарылған. Өрт салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өмір мен өлім арасында полиция қызметкерлері өз жанын шүберекке түйіп, өртенген пәтерден отбасыны құтқарып қалды, дейді полиция өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram