24 сәуір 2019 14:47

Оралда полиция көлігі Lexus автомобиліне соқтығысты: Екі адам зардап шекті

© mgorod.kz

Оралда полиция көлігі Lexus автомобиліне соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы бүгін, 24 сәуірде, түнгі 01:00 шамасында Құрманғазы және Досмұхамедов көшелерінің қиылысында болған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Орал қаласының жол-патрульдік полиция батальоны қызметкері Shkoda Octavia қызметтік автокөлікпен Құрманғазы көшесімен келе жатып, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. 

Реклама
Реклама

"Соның салдарынан ол Lexus автомобиліне соқтығысқан. Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Осы дерекке қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр", - деп түсіндірді ведомство өкілдері. 

Алайда, БҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам зардап шеккен. Екеуі де облыстық көпсалалық ауруханаға жатқызылған. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram