ПОДЕЛИТЬСЯ
03 мамыр 2021 | 10:23
Оралда саябақтағы әткеншек істен шығып, 8 бала жарақаттанды
Оралда сегіз бала аттракционда жарақаттанып қалды, - деп хабарлайды "Уральская неделя".
ПОДЕЛИТЬСЯ
Оралда сегіз бала аттракционда жарақаттанып қалды, - деп хабарлайды "Уральская неделя".
Басылым мәліметінше, оқыс оқиға 2 мамырда "Чудненко" аттракционында болған. Куәгерлердің сөзінше, асқан жылдамдықпен айналып тұрған аттракцион кенет тоқтап қалған.
"Әткеншек кенеттен тоқтап, балалар бір-біріне соғыла бастады", - дейді оқиға куәгері.
Салдарынан 5-10 жас аралығындағы сегіз бала түрлі жарақат алып, облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді.
Басылым мәліметінше, қалалық саябақтағы аттракциондар РИА "МИР" ЖШС-не тиесілі. Дәл осындай оқиға осыдан екі жыл бұрын болған екен. Оған техникалық ақау себеп болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также