ПОДЕЛИТЬСЯ
30 мамыр 2023 | 16:48
Оралда ішіне жұдырық тиген оқушы есін жимастан қаза болды
Оралда ішіне жұдырық тиген оқушы өлімінің мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Оралда ішіне жұдырық тиген оқушы өлімінің мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
28 мамырда Орал қаласындағы көпбейінді балалар ауруханасына 2007 жылы туған жасөспірім жеткізіліп, ол есін жимай, жансақтау бөлімінде көз жұмды.
"Бұл дерек соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Осы құқықбұзушылықты жасады деген күдікпен кәмелетке толмаған 2008 жылы туған Н. ұсталды. Дерек бойынша сараптамалар тағайындалып, соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәлімет жария етуге жатпайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также