ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 15 мамыр 2015 10:12
Оралда тоғыз қабатты үйде қабырға опырылып түсті, зардап шеккендер бар
Оралда тоғыз қабатты үйде қабырға опырылып түсті, - деп хабарлайды "Мой город". Зардап шеккендер бар.
Порталдың мәліметінше, көпқабатты үйдің 8-қабатында көрші пәтерлердің арасындағы қабырға опырылып түскен. Оқиға 14 мамыр күні түнге қарай болды.
"Кішкентай бала мен 20 жастағы қыз зардап шекті. Екеуін де жедел жәрдем алып кетті", - делінген жарияланымда. Төтенше оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.
Суреттерді сайт қолданушылары жіберген.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу