Оралда ұшақ шассисіз қонды. Бұл туралы ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің Facebook желісіндегі парақшасында хабарланды.
Ведомство мәліметінше, AIR CONTROL әуе компаниясының Орал әуежайының ұшу-қону жолағының навигациялық жүйесінде аралап ұшып шыққан ұшағы 19.56-да шассисіз қонды. Ешкім зардап шекпеді. Экипажда үш адам.
Әуежай директоры Хайретдин Расқалиевтің айтуынша ұшақ терезесіне құс соғылған. "Тергеу жүргізіледі, құс тиген. Алдыңғы терезе малмандай қан, солай қонды. Бәрі аман-есен", - деді ол.