02 сәуір 2021 | 09:06

Оралда үш баланың анасы із-түзсіз жоғалып кетті

Фото: mgorod.kz

Оралда 40 жастағы Райхан Шәріпова іздестіріліп жатыр. Оның жоғалып кеткеніне 10 күн болған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оралда 40 жастағы Райхан Шәріпова іздестіріліп жатыр. Оның жоғалып кеткеніне 10 күн болған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Портал мәліметіне сүйенсек, редакцияға туысы Ағила Құдайбергенова хабарласқан. Ол Райхан Наурыз мейрамына орай Теректі ауданындағы Сарыөмір ауылынан Орал қаласына кетіп, қайта оралмағанын жеткізген.

"Қалада әпкесінің үйіне баратынын айтты. Ол орталық базар аумағында тұрады. Телефоны жоқ. Үйге әлі оралған жоқ. Кетіп бара жатқанда жұмыстары бар екенін айтқан еді. Түскі уақыт болатын. Бірнеше күн бұрын полицияға арыз жаздық", - дейді Ағила Құдайбергенова.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, туысы Райхан Шәріпованың бұрын соңды үйден былай кетіп көрмегенін айтады.

"Есепте еш жерде тұрмайды, ішпейді. Үйде күйеуі мен үш баласы бар. Ең кішісі екінші сыныпта оқиды", - дейді ол.

Райхан Шәріпованы көргендер немесе ол туралы ақпарат білетіндер болса, Ағила Құдайбергенованың телефон нөміріне хабарлай алады: +7 702 798 61 20.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная