Оралда жолаушылар бүлдіршін қызды автобустан итеріп жіберген

Оралда жолаушылар үшінші сынып оқушысын қоғамдық көліктің салонынан итеріп жіберген, - деп хабарлайды "Уральская неделя".

Басылымның мәліметінше, оқиға 11 желтоқсанда болды. "Жұма күні кешке үшінші сыныпта оқитын қызым оны №2 автобус салонынан жолаушылар "адам көп, симайсың" деп итеріп жібергенін айтып келді. Ал тағы бір автобуста кондуктор "сендер неге жаяу қайтпайсыңдар! (...)" деп айтыпты. Адамдар қалай жүрексіз болып кеткен", - деді оқушының анасы Айшагүл Ташманова.

Осыған байланысты әйел қоғамдық көліктер қарайтын кәсіпорынға хабарласып, кондукторлармен сөйлесулерін, балаларға абай болуларын сұрады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама