Оралда жүргізуші 10 жастағы қызды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

Оралда ж?ргізуші 10 жаста?ы ?ызды ?а?ып, о?и?а орнынан ?ашып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оралда жүргізуші 10 жастағы қызды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Хабар 07.15-те түсті. Әбілқайыр хан мен Циолковский көшелерінің қилысында LADA Priora маркалы көлік жүргізушісі 10 жастағы оқушы қызды қағып кетіп, оқиға орнынан жасырынған. Қыз түрлі жарақатымен ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады БҚО ІІД инспекторы Дәурен Әбу.

Дәрігерлер қызға ота жасап жатыр.

Реклама
Реклама

ІІД мәліметінше, 22 жастағы күдікті ұсталып, өз кінәсін мойындаған. Ер адамның айтуынша, ол асығып бара жатып, бағдаршамның қызыл түсіне жүріп кетіп, оқушы қызды байқамаған.

Қазіргі уақытта полиция көлікті іздеп жатыр. Жүргізушінің айтуынша, ол қала сыртынан шығып, көлікті жасырып қойған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама