11 сәуір 2021 | 09:21

Оралдағы той: қонақтар жертөледе тығылып қалған

© Тұрар Қазанғапов

Оралда мониторинг тобы үйлену тойын тоқтатты. Тексерушілер той банкет залының жертөлесінде өткенін анықтаған. Полиция мәліметінше, тойға қатысқандар жазаланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оралда мониторинг тобы үйлену тойын тоқтатты. Тексерушілер той банкет залының жертөлесінде өткенін анықтаған. Полиция мәліметінше, тойға қатысқандар жазаланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сонымен қатар, полиция мәліметінше, 102-ге "Қоржын" мейрамханасында той болып жатқаны туралы хабар түскен. 

"Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Ақпарат расталды. 20 адамға қатысты хаттама толтырылды. Олар процессуалдық шешім қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберіледі", - дедй БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков. 

Реклама
Реклама

Мониторинг тобының жетекшісі Мирхан Бердіғалиев Оралда сегіз мониторингтік топ тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Біз алтыншы шағын ауданда орналасқан "Қоржын" мейрамханасын тексердік. 10 сәуірде түстен кейін үйлену тойы өтті. Біз жергілікті полиция қызметкерлерін шақырдық. Бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу бұзылғаны тіркелді. Тойға қатысушылардың бәрінен түсініктеме алынды", - деді Мирхан Бердіғалиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная