Өскемен әкімшілігі тұрғындардың көзінше ит атқандарды жазалауға сөз берді

©yk-news.kz

Өскемен әкімшілігі тұрғындардың көзінше қаңғыбас иттерді атқан санитарлық инспекция қызметкерлерін жазалауға сөз берді, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Порталдың мәліметінше, қала басшылығы 31 наурызда ондаған қаңғыбас итті атып, оларды қанға боялған көлікпен тасыған санитарлық қызметтің қызметкерлеріне жаза қолдануға уәде берген.

"Әрине, бұл тәртіп бұзушылық. Бәрінен бұрын иттерді адамдардың көзінше ұстауға болмайды. Оны балалардың көруі де мүмкін ғой! Ит аулайтындардың қызметтік көлігінің ондай күйде қаланың көшелерінде жүруіне мүлдем болмайды. Біз осыған жол бергендердің кім екенін анықтап, жаза қолданамыз", - деді Өскемен әкімінің орынбасары Владимир Головатюк.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 31 наурызда Өскеменнің тұрғындары өлген иттерді тиеп алған көлікті суретке түсірген. Басы-қасында болғандар итатқыштардың қаңғыбас жануарларды адамдардың көзінше өлтіргендерін айтқан. Олар өлген иттерді тиеп, қанын ағызған күйі кетіп қалыпты. Бұл оқиға өскемендіктерден бөлек жануарларды қорғаушылардың арасында қызу талқыға түсті.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама