Өскемен көшелерінде екі ер адам ақ арыстандармен бірге серуендеп жүр

Өскемен көшелерінде екі ер адам ақ арыстандармен бірге серуендеп жүр © Yk-news.kz

Интернетте Өскемен көшелерінде ақ арыстандармен қыдырып жүрген екі ер адамның суреті пайда болды, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Басылымның мәліметінше, сурет әлеуметтік желілерге бір сағат бұрын жарияланған. Арыстандардың Демидовтар циркіне тиесілі екені анықталды. "Жануарлар біздікі. Бұл үйретілген сегіз айлық арыстандар. Олар тұрғындарға ешқандай қатер туғызбайды", - деді цирк ұйымдастырушысы. 

Айта кетейік, құқық қорғау органы қызметкерлері суретті зерттейтіндерін айтты. Егер заң бұзушылық анықталса, цирк ұйымдастырушылары жауапкершілікке тартылатын болады.

Реклама
Реклама
 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама