Өскеменде 23 жастағы келіншек жоғалып кетті

© YK-news.kz

Өскеменде 23 жастағы әйел жоғалып кетті, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Порталдың мәліметінше, Юлия Тетерина 15 наурызда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Әйелдің туыстарының айтуынша, Юлия жоғалып кеткен күні үстіне капюшоны бар, қызыл түсті күрте, көк джинсы шалбар мен аяғына сұр кроссовка киген. Қолында көкшіл-сұр түсті арқа қоржын болған.

"Әйелдің туыстары оқиғаға қатысты пікір білдірмей отыр. Хабарландыруларға қарағанда әйелді іздеуге еріктілер де қатысып жатыр", - делінген жарияланымда. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұл өңірде жыл басынан бері осындай үш оқиға тіркелді. Бұған дейін 24 жастағы Ольга Жукова мен 19 жастағы Татьяна Бекова жоғалып кетті. Олардың екеуі де өлі күйінде табылды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама