Өскеменде 9 жастағы қызды экскаватор басып кетті

Өскеменде 9 жастағы қызды экскаватор басып кетті © tehno-komplekt.com

Өскеменде 9 жастағы қызды экскаватор басып кетті, - деп хабарлайды&nbspYK-avto.kz.

ШҚО ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға кеше, 18 маусым күні кешке болған. Велосипедші қыз экскаватордың астына түсіп, алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.

"Жол жөндеу жұмыстарына жұмылдырылған өскемендік ЖШС-ға тиесілі экскаватор артқа қарай жүріп келе жатып велосипедпен өтіп бара жатқан 9 жастағы қызды басып кетті. Зардап шеккен қыз оқиға орнында қайтыс болды", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, экскаватордың 24 жастағы жүргізушісіне қатысты қылмыстық өндіріс қозғалды. Қазір құқыққорғаушылар жүргізуші кінәсінің дәрежесін анықтап жатыр.

&nbsp
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама