Өскеменде бір түнде бес бірдей автомобиль өртеніп кетті

© Theafterlife.ru

Өскеменде 28 қыркүйекке қараған түні екі бірдей ауданда автомобильдер өртенді. Мамандар автомобилдердің қасақана өртелгенін айтып отыр, - деп хабарлайды YK-avto.kz.

Құтқарушылардың айтуынша, бірінші оқиға Космическая көшесіндегі аулалардың бірінде болды - Skoda автомобилі өртеніп, салдарынан қасында тұрған "ВАЗ-2115" да жанып кетті. Өрт сөндірушілер келгенше екі автомобиль де қатты зардап шекті.

"Бүгін түнде Ворошилов көшесіндегі автотұраққа қойылған "Москвич-424", "ВАЗ-21099" және Lada Granta өртеніп кетті, - деп хабарлады Өскемен ТЖД өкілдері. - Өрт шалған аумақ тоғыз шаршы метр болды". 

Реклама
Реклама

Басылымның мәліметінше, тергеушілер өрттің пайда болу себебін анықтап жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама