ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 28 қыркүйек 2015 12:22
Өскеменде бір түнде бес бірдей автомобиль өртеніп кетті
Өскеменде 28 қыркүйекке қараған түні екі бірдей ауданда автомобильдер өртенді. Мамандар автомобилдердің қасақана өртелгенін айтып отыр, - деп хабарлайды YK-avto.kz.
Құтқарушылардың айтуынша, бірінші оқиға Космическая көшесіндегі аулалардың бірінде болды - Skoda автомобилі өртеніп, салдарынан қасында тұрған "ВАЗ-2115" да жанып кетті. Өрт сөндірушілер келгенше екі автомобиль де қатты зардап шекті.
"Бүгін түнде Ворошилов көшесіндегі автотұраққа қойылған "Москвич-424", "ВАЗ-21099" және Lada Granta өртеніп кетті, - деп хабарлады Өскемен ТЖД өкілдері. - Өрт шалған аумақ тоғыз шаршы метр болды".
Басылымның мәліметінше, тергеушілер өрттің пайда болу себебін анықтап жатыр.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу