22 маусым 2023 10:15

Өскеменде дүкеннен өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ШҚО ТЖД

Өскеменде азық-түлік дүкенінде өрт шығып 30 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ТЖД мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде азық-түлік дүкенінде өрт шығып 30 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ТЖД мәліметіне сілтеме жасап.

"22 маусымда сағат 4.40-та Сәтбаев даңғылындағы азық-түлік дүкенінде өрт шықты. Дүкен он қабатты тұрғын үйдің 1-қабатында орналасқан. Сауда жабдықтары мен азық-түлік өнімдері жанды.

Оқиға орнына келген ШҚО ТЖД қызметкерлері баспалдақ арқылы 30 адамды, оның ішінде 6 баланы эвакуациялады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сағат 5.40-та 25 шаршы метр алаңда өрт сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 35 адам және 11 техника жұмылдырылған.

Өрттің алдын ала себептері: электр жабдығының авариялық жұмыс режимі және электр жабдығын орнату мен пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram