Өскеменде Ертіс өзеніне құлаған әйел мен баланы кездейсоқ адамдар құтқарды

© siapress.ru

?скеменде кездейсо? ?тіп бара жат?ан адамдар су?а кеткен ?йел мен баланы ??т?арып ?алды. Б?л туралы ?Р ІІМ ТЖК баспас?з ?ызметі м?лімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Өскеменде кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар суға кеткен әйел мен баланы құтқарып қалды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Оқиға Ертіс өзенінің жағалауында болған. Әйел адам мен бала байқаусызда суға құлап кеткен. 

"Оқиға орнында № 2 өрт сөндіру қызметінің жүргізушісі Виталий Бақтыбаев кездейсоқ жүрген. Ол еш ойланбастан суға секіріп, құтқаруға асыққан. Оған көмекке электромонтер Ернар Қаділбеков пен оның әріптесі Айдын Төртбай келген. Олар анасы мен баласын судан алып шыққан. Ернар Қаділбеков қолдан дем алдыру әдісімен баланың өмірін аман алып қалды", - дейді Руслан Иманқұлов.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар,  оқиға орнында ШҚО ТЖД жасағының басшылары Алексей Оградов, Ақылбек Мұхаев, Ержан Қасымханов, Ерік Тойбаевтың болғанын және барлығы жұмыла суға батқандарға көмектесіп, алғашқы көмек көрсетіп, дер кезінде жедел жәрдем шақырған. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама