ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қараша 2021 | 15:42
Өскеменде көмір кезегінде тұрған ер адам өзін-өзі өртеймін деп шу шығарды
Өскеменде көмір алу кезегінде бірнеше күн тұрған ер адам өзін-өзі өртеймін деп шу шығарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Өскеменде көмір алу кезегінде бірнеше күн тұрған ер адам өзін-өзі өртеймін деп шу шығарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға видеоға түсіп қалған. Ер адам көмірдің түбіне тығылып, жолды жауып, бензин шашып, өзін өртеп жіберемін деп шу шығарған.
Оқиғаның видеосы жарияланды.
YK-news.kz оқиға 27 қазанда Өскемен қаласының сол жағалауында орналасқан теміржол тұйығында болғанын хабарлады.
"Көмірге кезекте тұрған жүргізушілердің бірі жолды жауып, өзін-өзі өртеймін деп шу шығарғаны туралы хабарлама келіп түсті", - деп түсіндірді қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Полиция оқиға орнына барғанда, қолында бензині бар ер адамды көрген. Ол - Ұлан ауданының тұрғыны. Бірнеше күн бойы кезекте тұрып, отын ала алмаған.
"Полиция қызметкерлері ер адамнан канистрді алып, оны тыныштандырған. Қақтығысты реттеуге атсалысқан база басшылығы мен әкімдік өкілі оған көмір беру туралы шешім шығарды. Кезекте тұрғандар қарсы болмады", - деп атап өтті ПБ баспасөз қызметі.
Жолды бөгеп, басқа көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтіргені үшін ер адамға 10 АЕК айыппұл салынды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также