Өскеменде күмәнді сөмке үшін "Казцинк" маңы қоршауға алынды

Өскеменде күмәнді сөмке үшін "Казцинк" маңы қоршауға алынды © Tengrinews.kz

Өскеменде күмәнді сөмке үшін "Казцинк" аумағы қоршауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.

Саперлер тұрғындар тауып алған сөмкенің ішінде не бар екенін анықтау үстінде. "Бүгін сағат 7.30-да 102 номеріне "Казцинк" маңындағы Промышленная көшесінен кенеп сөмке табылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына полицейлер, құтқарушылар мен саперлер дереу жетті", - деді ШҚО ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Торғаев.

Промышленная ауданы қоршауға алынды, саперлік жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Реклама
Реклама


© Tengrinews.kz

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама