12 қараша 2021 | 18:03

Өскеменде Lexus мінген полицей қарсы жолаққа шығып кетіп, автобусты соқты

Дина Шарипханова Корреспондент

Өскеменде Lexus мінген полиция қызметкері рөлге ие бола алмай, қарсы жолақта келе жатқан жолаушылар автобусына соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өскеменде Lexus мінген полиция қызметкері рөлге ие бола алмай, қарсы жолақта келе жатқан жолаушылар автобусына соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, оқиға 12 қарашада сағат 12.47-де болған.

Реклама
Реклама

Lexus көлігінің 33 жастағы жүргізушісі Үлбі өзені арқылы өтетін көпірде рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, салонында жолаушылар болған "ПАЗ" автобусымен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобус жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы әртүрлі дене жарақатын алған.

"Lexus көлігінің жүргізушісі кезекшіліктен кейін демалыста болған полиция қызметкері. Алдын ала мәлімет бойынша, ол рөлде ұйықтап қалған. Медициналық сараптама қорытындысы бойынша сау болған", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта полицей "жабық бас-ми жарақаты, ми шайқалуы, бетіндегі көптеген жарақаты" ескеріліп, қалалық аурухананың жарақат бөліміне жатқызылған, делінген хабарламада.

Дерек белгіленген тәртіппен тіркеліп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша соталды тергеу басталған. Алдын ала тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша көлік жүргізушісінің әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная