ПОДЕЛИТЬСЯ
13 шілде 2021 | 11:16
Өскеменде мас күйінде көлік жүргізген шенеунік жазаланды
Өскеменде мас күйінде көлік жүргізген әкім аппаратының қызметкеріне жаза тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Өскеменде мас күйінде көлік жүргізген әкім аппаратының қызметкеріне жаза тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өскеменде мас күйінде автокөлік жүргізген әкімдік қызметкеріне қатысты іс қаралған (ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі).
"Сот 2021 жылы 11 шілдеде К. есімді әйел мас күйінде көлік құралын басқарғанын анықтады. Сарапшының қорытындысы бойынша оның мас күйінде болғаны анықталды. Ол да мұны жоққа шығарған жоқ. Сот әйелді 15 тәулік мерзімге қамауға алды, сонымен қатар ол 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды", - деді әкімшілік құқық бұзушылық бойынша соттың баспасөз қызметіндегілер.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, оқиға 11 шілдеде халықта вакциналауға арналған автобустың жанында болғаны хабарланған еді. Жексенбіде қала әкімі аппаратының қызметкері халықты вакциналауға арналған автобусқа қатысты жағдайды түсіндіру үшін оқиға орнына барғаны анықталды. Автобус вакцина салдырғысы келген адамдарды қабылдамаған.
Оқиға орнында вакцина салдыруға келген тұрғын дәрігердің маска тақпағанына наразы болған. Оқиға орнына қалалық әкімдік қызметкері Индира Қалжабаева келіп, жағдайды түсіндірмек болған. Алайда куәгерлер полиция шақыруға мәжбүр болған. Олардың айтуынша, қалалық әкімшілік өкілі мас күйінде болған.
Қала әкімдігі жағдайға қатысты пікір білдіріп, видеодағы қызметкер әкімдікте жұмыс жасайтынын растады. Полиция басқармасынан материалдар келгеннен кейін қала әкімдігі болған оқиға бойынша және мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша қызметтік тергеп-тексеру жүргізеді. Қазіргі уақытта барлық шара аяқталғанға дейін Индира Қалжабаева жұмыстан шеттетілді, деді әкімдік баспасөз қызметіндегілер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также